Жаңалықтар

Көршілес елдермен татуластықта

Көршілес  елдермен  татуластықта
13.04.2018 12:08 1475

 

Отырысқа  Ресейден келген қонағымыз, доцент, заң ғылымдарының кандидаты, ғылыми-сараптамалық тобының басшысы Руслан Пузиков қатысты . Ғылыми-сараптамалық тобы мүшелері қатысушыларының   Руслан Владимировичпен кездесуі  Облыстық Достық үйінде  өтті. Ол  «Рухани жаңғыру» және Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық  бағдарламалары аясында өткізілді. Дөңгелек үстелге жиналғандар Қазақстан мен Ресейдің бауырлас халықтарының ұлттық бірлігі мен достық құндылықтарын насихаттау бойынша және  халықаралық ғылыми-сараптамалық  саласындағы  ынтымақтастықты  кеңейту барысында сұхбаттасты.

Руслан Пузиков – ресейлік танымал ғалым, «Державина атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің»  ФГБОУ ВО Азаматтық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты. «Доктрина права» (Тамбов)  және  «Юридическая наука» (Рязань) ғылыми журналдардың бас редакторы болып табылады. 1998 жылдан бастап Халықаралық адам құқығы қоғамының мүшесі, 2007 жылдан бастап Ресей криминологиялық қауымдастығының мүшесі, 2008 жылдан бастап Халықаралық әділ сот төрелігі қауымдастығының мүшесі болып табылады.Ғылыми мүдделердің шеңберіне құқықтық реттеу саласындағы құқықтық доктринаның рөлі мен маңызы және оның Ресейдің құқықтық өмірін зерттеудегі әсері кіреді. Құқықтық саясатты іске асыру зерттеу нысандары мен құралдарында, қазіргі заманғы Ресейде, оның ішінде заң шығару қызметінде, құқық қорғауда және құқықтық түсіндіруде  ерекше назар ие.

Руслан Пузиков Қостанайға  студенттермен кездесуге және дәріс оқуға келді. Ол сондай-ақ, ҒСТ мүшелерімен, оның  ішінде  Қостанай ғалымдары мен  оқытушылары: Юрий Бондаренко, ҚМУ профессоры, Ольга Евдокимова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Қалқаман Жақып, ҚМУ профессоры, «Челябі мемлекеттік университетінің» заң факультетінің профессоры,  Әлімжан Бекмағамбетов, Валерий Вишниченко, тарих ғылымдарының кандидатымен кездесті. Руслан Владимирович өзінің тәжірибесімен бөлісе келе, ресейлік білім берудегі жаңа жетістіктері туралы айтып берді, сонымен қатар,көршілес - Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап да өтті.

Кездесу соңында ғалымдар пікір алмасып, өз  ұсыныстарын ортаға салды. Пузиков біздің ғалымдарымыздың жұмысын жоғары бағалады және өзі бірнеше рет дәріс оқуға барған Поляк университетіне болып, дәріс оқуға қатысуды ұсынды.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға