Жаңалықтар

Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты - Тоқаев

Президент кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүргенін атап өтті
Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты - Тоқаев
Фото: Ақорда 14.10.2022 16:39 1763

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия-Ресей» саммитінде айтты, деп хабарлайды El.kz 

«Қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді. Дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволарымыз бен қоғамдық ұйымдарымыз тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге тиіс. Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай, кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болмақ», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға