Жаңалықтар

Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

Мүмкіндігі шектеулі балалар саны күн санап артып келеді. 61 647 баланың ішінде әлеуметтендірілгендердің саны 32 975
 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру
Фото: El.kz 10.10.2022 12:14 2845

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы етіп бекіткен уақытта: «Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген болатын.

Соның бір тарауы ретінде балаларды оңалту орталықтары жайлы сөз қозғамақпыз. Қазақстан аумағында барлығы 40 арнайы орталық жұмыс жасайды. Алайда қазіргі науқастардың көрсеткішіне шаққанда бұл сандар жетіспеушілік тудырып жатыр. Мәселен, дәрігерлердің мәліметі бойынша Шымкент қаласында 2500-ге жуық бала неврологиялық аурумен арнайы есепте тұр. Ал облыста тек 346 орыны бар 3 орталық жұмыс жасайды. Бұл мәселіні шешу мақсатында жобалар ұсынылып жатыр.

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

Осы оңалту орталықтарының ішіндегі ең ірісі – «UMC Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы». Бір уақытта 300 балаға көмек беретін орталықтың өзіндік нәтижелері көп. Ұлттық балаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Булекбаеваның баяндамасы бойынша өкінішке орай бұл көрсеткіш науқастардың 60%-ын қамту мүмкіндігінен шектеп отыр. 

2007 жылдан бері барлығы 61 647 бала оңалтудан өткен. Оның 51,5 пайызы циребральды мүгедектікке шалдыққандар. Оның ішінде 32 975 (56%) бала әлеуметтендірілген.  Бүгінде олардың 4 675-і (14%)  балабақшаға барады. Жалпы білім беретін мектепте 11 662 (35%)  бала, түзету мектептерінде оқитындар – 4 329 (13%), үй жағдайында білім алатындар – 8 072 (24%), колледжде – 372 (1,1%), жоғары оқу орындарында 116 (0,3%) бала білім алуда.  

Соңғы жылдардағы ахуал

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

Біріншіден, 2019 жылдан бергі статистиға көз жүгіртсек балалар арасында туа біткен сал ауруына шалдыққан нәрестелер саны артып келеді. Республика бойынша психоневрологиялық патологиясы бар балалар 1 жастан 18 жасқа дейінгі көрсеткіштің де басым бөлігін 16 жасқа дейінгі балалар құрайды.

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

Дей тұрғанмен де мамандарымыз қолдан келгендерін аямай балалардың белсенділігін арттыру үшін талмай еңбек етіп келеі. Және де ол нәтижесіз емес. Қанша дегенмен де ауру асқынбай тұрып емдеуді бастаса, қандай да бір жағымды әсері болары сөзсіз. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен заманауи құрылғылардың арқасында сәбилердің отбасына үлкен үміт отын жағып отырған жандардың қызметі ауыз толтырып айтарлықтай. 

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

Балаларды оңалту курсында кешенді рабилитация модуліне сәйкес 3 аспекті бойынша жұмыс жасайды. Ол медициналық, әлеуметтік және педогогтық. Дәрігерлердің айтуынша, осы жұмыстардың біреуі дұрыс өткізілмесе, онда емдеу курсының зая кеткені. Өз орталарында бұл методиканы «шар көтерген үш піл» деп атап кеткен. Себебі біреуі құласа, екеуінің шарды ұстап қалу мүмкіндіктері жоқ және де, курс барысында барлық құрал-жабдықтар тегін беріледі дейді артезист маман.

«Квотамен қабылданған балаларға диагноздар қойылғанда оларға арнайы ем қабылданады. Әрқайсысына жеке құралдар бөлу арқылы курс өткіземіз. Көп жағдайда балаларда жалпақ табан диагнозы қойылады. Олардың да бернеше түрі болады. Сондықтан мұқият болу керек. Қазақстанда көрсеткіштер бойынша сәбилер ДЦП диагнозымен көптеп дүниеге келіп жатыр. Көбіне бұл тұқым қуалау емес, радиация кесірінен болып жатқаны өкінішті» - дейді Ерік Шалқарбаев.

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру
Айта кету керек, орталыққа көмекке жүгінетіндердің басым көпшілігін Семей және Петропаволдан келетін отбасылар құрап отыр.

Мемлекеттік жобалар арқалы қарқынды даму

Соңғы бес жылда түрлі сырқатқа шалды­ғу­дың кесірінен мүмкіндігі шектел­ген балалардың саны артып келеді. Олардың барлығын бірдей қамтуға мүмкіндік жоқ. Ал кей жағдайда  мамандардың да жетіспеушілігі қиындық тудырады. Осы мәселені шешу бойынша оңалту саласындағы білім беру қызметін дамыту аспектілері қарастырылып жатыр.

«Ең бірінші мақсат жоғарғы оқу орындарында оңалту факультетін құру. Бұл бізге білім беру қызметтерінің аясын кеңейтуге және білім беру бағдарламаларының ұтқырлығын дамытуға жол ашады. Сонымен қатар, персоналдардың біліктіліктерін үздіксіз арттыру жүйесін әрі дамыту керек», –деді Ұлттық балаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Булекбаева.

Әр бес жыл сайын арнайы медициналық жоба қабылданады. Солардың бірі 2020 жылдан бастап Тұңғыш Президент қорының ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған «Қамқорлық» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі аурулардың алдын алу, дер кезінде көмек көрсету және толық сауықтыру арқылы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту болды.  Жобаны іске асыру аясында ашық орталықтары негізінде 2020–2022 жылдың 1 жартыжылдығында 10 мыңнан астам бала медициналық оңалтудан өткен.

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

2020-2025 жылдар аралығын қамтитын «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының мақсаты ұқсас. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің үшінші бағыты балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесін пысықтау. 16 жасқа дейінгі барлық балаларды медициналық қызмет көрсетудің барлық спектрімен қамтамасыз ету. Медициналық білім беру жүйесін түбегейлі жақсарту. Ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі 3,6 трлн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар Балалар жылы мен тұспа-тұс 2022 жылы Балаларды оңалтудың ұлттық орталығына 15 жыл толып отыр. Осы ретте орталық халықаралық өкілдердің қатысуымен өзінің кезекті ІХ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Қазақстан, Моңғолия, Үндістан, Ресей, Италия, Оңтүстік Корея, Польша, Чехия, Қырғызстан, Армения, Германия, Өзбекстан, Литва, Нидерланды, Грузия, Австралияның денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты. Жиын тәжірибе алмасу және бірқатар мәселелердің басын  ашуға көмектеседі. Оған қоса өндірушілер мен фармацевтикалық компаниялар көрме ұйымдастыру арқылы медициналық және мамандандырылған жабдықтардағы инновацияларды ұсынды. 

 Ерекше балалардың 60 пайызы көмекке зәру

2007-2022 жыл аралығында көрсетілген нәтижелер өте жоғары. Заманауи инновациялық кешендер құру қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жүргізіліп жатыр деп мәлімденді.

«Оң нәтижеге қол жеткіземіз деген  сенімдеміз», – деді Ұлттық балаларды оңалту орталығының директоры Шолпан Булекбаева. 

Фото: El.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға