Жаңалықтар

Көкшетауда Наурыз мейрамында киіз басу, ұршық иіру, иірім жіпті өңдеу бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды

Көкшетауда Наурыз мейрамында киіз басу, ұршық иіру, иірім жіпті өңдеу бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды
27.03.2019 09:49 3611

Көкшетау қаласының Абылайхан алаңында Наурыз мейрамын атап өтуге арналған мерекелік іс-шара көптеген көкшетаулықтарды, қала қонақтарын «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы» атты жазуы бар әдемі маңдайшамен безендірілген киіз үйдің жанында жинады.

Бұл күні облыстық ассамблеяның қонақжай киіз үйінде әр түрлі этностардың өкілдері ұлттық тағамдар дайындап, балалар сыйлыққа тәттілерге толы қоржындар алды. Барлық қалаған жандар бесбармақ пен ыстық бауырсақтан, наурыз көжеден, түрлі ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.

Киіз үйдің жанында ұйымдастырылған облыстық ҚХА-ның  жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері Одағы мүшелерінің  шығармашылық бұйымдары, экспонаттар көрмесі тұрғындардың назарын еріксіз өзіне аударды.

Кілемге жай,асқан қазақтың ұлттық киіміндегі шебер-әйелдер (кимешек, жаулық таққан) киіз басу, ұршық иіру, иірімжіпті өңдеу бойынша шеберлік сыныптарын ұйымдастырды, көпшілік қауымды қамыстан тоқу процесімен, гобелен дайындаумен таныстырды.

Көкшетау қаласы Достық үйінің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынса, театрландырылған қойылым қазақ халқының салт-дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Киіз үйге бет бұрған қонақтарды «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова домбыраның сүймелдеуімен орындалған ән шашумен қарсы алды.

Бұл күні барлық қалаған жандар үшін «асық ату», қол күрес, қазақша күрес сынды спорттық ойындардан сайыстар өткізілді.

Ақмола ассамблеясының, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін облыс әкімі Ермек Маржықбаев мерекемен құттықтады.

Оқи отырыңыз:

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ ҚХА ӨКІЛДЕРІМЕН ЕЛБАСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА УКРАИН ХАЛҚЫНЫҢ АҚЫНЫ ТАРАС ШЕВЧЕНКОНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚХА НАУРЫЗДЫ КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚАРСЫ АЛДЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға