Жаңалықтар

Көкшетауда армян халқының су құйыну мейрамы – Вардавар аталып өтті

Көкшетауда армян халқының су құйыну мейрамы –  Вардавар аталып өтті
29.07.2019 17:50 2162

Әр халықтың өз салты мен мейрамы бар. Олар көп ұлтты мемлекетімізде жетерлік. 28 шілдеде Көкшетаудағы «Бари» армян этномәдени орталығы барша жұртты армяндардың ең сүйікті Вардавар мерекесіне шақырды.

Вардавар ыстық жазда өткізіледі. Оның басты дәстүрі – су шашу.  Таңертеңнен бастап барлық жастағы адамдар су сайысына белсене араласып, әр жастағы түрлі этнос өкілдері қуанышқа бөленді. Мұның бәрі көтеріңкі көңіл-күймен, ән мен бимен жалғасты. Осы күні су емдік күшке ие болып, теріс әсерден арылтып, табыс пен игілік әкеледі деген де наным-сенім бар.

Көкшетауда армян халқының су құйыну мейрамы –  Вардавар аталып өтті

Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері іс-шараға белсене қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Е. Мащинская мен «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Артеменко бұл мейрам Русь жерінде шоқындыру күнімен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Содан кейін барлық меймандар мерекеге орай жайылған дастархан басына жиналып, ән шырқап, құттықтау мен жылы лебіздерін арнап, әзілдесіп тарқасты.  

Көкшетауда армян халқының су құйыну мейрамы –  Вардавар аталып өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға