Жаңалықтар

«JUZZ BAND» вокалды-аспаптық тобының алғашқы концерті өтеді

«JUZZ BAND» вокалды-аспаптық тобының алғашқы концерті өтеді
Фото: © Pixabay.com 19.05.2023 06:24 430

19 мамыр күні Астана қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының қолдауымен құрылған «Juzz Band» тобының тұсаукесер концерті өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары мен жастар арасында музыка және музыкалық аспаптарды кеңінен насихаттау, сондай-ақ, бос уақытын тиімді өткізу.

Өнер кеші Қазақ ұлттық өнер университетінің Е.Рахмадиев атындағы үлкен залында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға