Жаңалықтар

«JOLTAP» жобасы: 3 мыңнан аса адамға көмек көрсетілді

«JOLTAP» жобасы: 3 мыңнан аса адамға көмек көрсетілді
Фото: «Халық» қайырымдылық қоры 10.11.2023 16:17 754

«Халық» қайырымдылық қоры Астана қаласы әкімдігінің «JOLTAP» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жөніндегі бастамасын  қаржылай қолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

«JOLTAP» жобасы аясында елорда тұрғындары көп шоғырланатын аумақтарда  «Баршаға мүмкіндік»  атауымен 10 модульдік пункті есігін айқара ашты. Модульдік пункт кеңесшілері тұрғын үй бағдарламалары, бизнес гранттары, әлеуметтік көмектер және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттар береді. Модульдік пункттер жұмыс істеген бір жарым айда 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша әкімдікке 3 мыңнан астам адам көмек сұрап жүгінді. 720 адам кәсіп ашу үшін қайтарымсыз қаржылай қолдау  пен шағын несие алуға өтініш білдірді.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асырылуда және азаматтарға табысын арттыру мүмкіндіктерін таңдауда көмектесуге және көмек көрсетуге бағытталған. Жобаның құралдары тұтастай алғанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформалардың тиімді қосымшасы болып табылады.

JOLTAP жобасы аясында қала тұрғындары екі қысқа мерзімді бағдарлама бойынша тегін білім ала алады. Бірінші бағдарлама тігінші, кассир сияқты сауда, құрылыс және қызмет көрсету салаларындағы сала жетекшілерінің стандарттары мен талаптарын негізге ала отырып,  білікті жұмысшы мамандарды дайындауға арналған. «Freelance Мүмкіндік» деп аталатын екінші бағдарлама нарықта сұранысқа ие және танымал  цифрлық дағдыларды оқытуды қарастырады. JOLTAP жобасының арқасында Астанада 10 мыңнан астам халық цифрлық  саланың сертификатталған білікті  маманына айналады. Жоба – мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күш-жігерімен құрылған тиімді жүйе.

«Халық» қайырымдылық қоры көп жылдардан бері әлеуметтік мәселелерді шешуге және халықтың мүмкіндіктерін жақсартуға баса назар аударып келеді. Жалпы, «Халық» қорының 2016 жылдан бергі қызметі барысында қамқоршылар Тимур мен Динара Құлыбаевтардың арқасында халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, білім беру және бұқаралық спорт салаларында жалпы құны 50 миллиард теңгеге жуық 100-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға