Jastar Research Hub: жас сарапшыларға арналған акселератор өтеді

 «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы/Руслан Мукашев
Фото: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы/Руслан Мукашев

29 маусым мен 3 шілде аралығында Астанада Қазақстанның барлық аймағынан келген келешегінен зор үміт күттіретін зерттеушілер мен аналитиктерге арналған білім беру бағдарламасы «Jastar Research Hub» – жас сарапшыларға арналған акселератор өтеді. Жобаны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қолдауымен жүзеге асыруда.

Акселератор зерттеу мәдениетін дамытуға, жас сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға және мемлекеттік саясат пен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне қатысты практикалық шешімдер әзірлеуге қабілетті сарапшылардың резервін құруға бағытталған. Қатысушылар аналитикалық ойлау дағдыларын нығайтады, сараптамалық материалдарды дайындаудың заманауи зерттеу әдістері мен құралдарын меңгереді, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу, дәлелдеу, шешендік шеберлігі мен зерттеу нәтижелерін кәсіби түрде ұсыну құзыреттіліктерін дамытады.

Жобаға еліміздің барлық аймақтарынан өкілдер қызығушылық танытты. Акселераторға қатысуға 250-ден астам өтінім келіп түсті. Конкурстық іріктеуден кейін негізгі құрамға 20 финалист таңдалды, ал қосымша 10 үміткер резервтік тізімге енгізілді.

Қатысушылар бес күн бойы қазақстандық жетекші сарапшылармен, зерттеушілермен және практиктермен жұмыс істейді. Бағдарламаға зерттеу әдіснамасы, аналитика, сараптамалық есептерді дайындау және мемлекеттік басқару органдарына ұсыныстар әзірлеу бойынша дәрістер, шеберлік сабақтары және практикалық қарқынды сабақтар кіреді. Бұдан бөлек, қатысушылар шешендік шеберлік, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, дағдарыс кезіндегі коммуникацияларды тиімді басқару, сарапшының жеке брендін дамыту және насихаттау бойынша тренингтерден өтеді. Спикерлердің қатарында әртүрлі салалардағы танымал сарапшылар, аналитикалық орталықтар мен қоғамдық инситуттардың жетекшілері, ел бойынша жетекші БАҚ менеджерлері болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «JASTAR» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ (@jastar.gzo)

Қатысушылардың зерттеулері мемлекеттің және қоғамның күн тәртібіндегі ең өзекті бағыттарға – жастар саясаты, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект, мемлекеттік басқару, мәдени дипломатия және креативті өнеркәсіп, аймақтық даму, қоғамдық пікір, көші-қон процестері және қоршаған орта мәселелеріне арналады.

Акселератордың қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің аналитикалық есептері мен практикалық ұсыныстарын таныстырады. Ең үздік жұмыстар БАҚ-та және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ақпараттық платформаларында жарияланады, ал келешегі зор материалдар мемлекеттік саясатқа қатысты өзекті мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі. Сондай-ақ түлектер кәсіби және мансаптық өсу үшін қосымша мүмкіндіктерге ие болады. 

Оқи отырыңыз