Жаңалықтар

Jah Khalib туралы 5 дерек

"Басты мақсатым – тыңдарманға музыка эмоциясын жеткізу"
Jah Khalib туралы 5 дерек
11.04.2017 09:20 11877

Jah Khalib (Джа Халиб) – қазақстандық әнші. Шын аты-жөні – Бахтияр Мамедов. Әзірбайжан ұлтының өкілі (кей сұхбаттарында Әзірбайжады тарихи отаным деп көрсетеді). 29 қыркүйекте дүниеге келген. Қазірде Jah Khalib Алматы қаласында тұрып жатыр, сондай-ақ шығармашылығымен де осы қалада айналысады.

Jah Khalib-тың лақап аты Джа Халиб деп оқылады. Джа – растафарин құдайы. Бірақ, Бахтияр бұл есімді Джа Растафарай құрметіне алған. Ол әлемдегі бейбітшілік үшін күрескер болған. Мамедов өз биографиясы жайлы айтуға құлшынбайтын орындаушылардың бірі. Тіпті, өзінің жеке сайтында өмірбаяны туралы бар болғаны 140 сөзден тұратын ақпарат бар. Бір қызығы, еш жерде Мамедовтың туған жылы көрсетілмейді.

Оның әндерінің ішінде ең танымалы деп «Лейла», «Созвездие ангела», «Твои сонные глаза»-ны (іздеушілер 2016 жылы ең көп қараған туындылар) атауға болады. Рэппен қатар, Бахтияр Мамедов өте жақсы битмейкер және хип-хоп продюсер.

Рэпердің білімі жоғары. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, музыкатану және менеджмент факультетінде дәріс алған.

«Сүйікті әніңіз» деген жерге әнші «Жоқ!» деп жауап қалдырыпты, десек те өзінің бір сұхбатында күніне 200-ге тарта түрлі жанрдағы әндерді тыңдайтынын айтады. «Восток FM» радиосына берген интервьюінен рэп жанрына ағасы әкелгенін білеміз. Осылай Jah Khalib-тің бар болғаны 6 жасында рэпке деген қызығушылығы оянған екен. Ал 5 сыныпта оқып жүргенде музыка мектебіне саксафонда ойнауды үйренуге барады.

Алғашқы шығармашылық кеші Ресейдегі Бруклин клубында 2015 жылдың 8 мамыр күні өтті. Баха өзінің сұхбаттарында ақшаны емес, бірінші орынға музыканы қоятынын жиі айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға