Жаңалықтар

Израильдің Газаға шабуылы кезінде БҰҰ-ның өңірлік ғимараты қирады

Израильдің Газаға шабуылы кезінде БҰҰ-ның өңірлік ғимараты қирады
Фото: Anadolu Agency 10.10.2023 23:50 875

Израиль әуе күшінің Газа секторына жасаған шабуылы салдарынан БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестикалық босқындар мен жұмыстарды ұйымдастыру ғимараты қирап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Anadolu-ға сілтеме жасап.

Эр-Римал кварталындағы штаб-пәтер ғимаратына айтарлықтай залал келтірілген.

Газадағы БҰҰ-ның барлық қызметкері сол аумақтағы көрші ғимаратты паналауға мәжбүр болған.

7 қазанда басталған Израильдің Газа секторына жасаған шабуылы салдарынан БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігінің екі қызметкері мен агенттіктің оқу орнында білім алып жатқан бес палестиналық қаза тапты.

Газадағы израильдік шабуылдан қаза тапқандар саны 770-ке жеткен. Сондай-ақ 4 мыңдай адам жараланған.

Израильдік БАҚ-тың мәліметінше, Газа секторындағы атыс кезінде көз жұмған израильдіктердің саны 1000 адамнан асты.  

Газадағы израильдік шабуылдың құрбандарының арасында кем дегенде БАҚ-тың жеті қызметкері бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға