Жаңалықтар

Израиль ХАМАС-пен тұтқын алмасу шарасын жасады

Израиль ХАМАС-пен тұтқын алмасу шарасын жасады
Фото: © Anadolu 26.11.2023 12:53 1476
Палестиналық ХАМАС қозғалысы мен Израиль жексенбіге қараған түні кепілге алынған тұтқындарды екінші рет алмасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.
 
Хамас Израильді Газа секторының солтүстік бөлігіне гуманитарлық көмек әкелуге тосқауыл қойды деп айыптады. Сол сәт жағдай ушыққан. Катардың делдалдары бұл кереғар жайтты шешті. Олардың мәліметтері бойынша, кепілге алынған 13 израильдік, 39 палестиналық тұтқын, сондай-ақ ХАМАС келісім шеңберінен тыс жіберген 7 шетелдік босатылды. Хамас Астана уақытымен сағат 03.00-ден кейін Қызыл Крестке "Рафах" бақылау-жіберу пунктінен кепілге алынған 13 израильдік пен жеті шетелдікті тапсырғанын мәлімдеді.
 
Бір сағаттан кейін Израиль армиясы бұрын тұтқында болып, босатылған адамдардың жетеуі жасөспірімдер мен балалар екенін айтты. Сондай-ақ Израильде Газа секторынан Таиландтың төрт азаматы келді, Хамастың айтуынша, олар "Түркия президентінің күш-жігеріне жауап ретінде" осы елден шығарылған соңғы тұтқындар.
 
Израиль түрмелерден палестиналық тұтқындардың екінші тобын шығарды. Олар мінген автобус Астана уақытымен сағат 05.30 шамасында Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Бейтуния қаласына келді. Al Jazeera телеарнасы олардың қаладағы кездесулерін тікелей эфирде көрсетті. Кадрларда көшелерді басып қалған жүздеген адамдарды көруге болады. Олардың арасында тұтқыннан босатылғандардың туыстары да бар. Израиль мен ХАМАС Катарға қақтығыс ушыққан 7 қазаннан бері алғашқы ауқымды келісімге қол жеткізді: ол - тараптар екі жақтағы кепілге алынған тұтқындарды алмасу үшін әскери қақтығысты 4 күнге тоқтата тұру туралы келісім.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға