Жаңалықтар

Іздеуде жүрген шетелдіктер әркез қамаққа алына бермейді

Іздеуде жүрген шетелдіктер әркез қамаққа алына бермейді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.07.2023 00:32 856

Адам құқықтары жөніндегі әәкіл кеңсесі Қазақстанда іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстау кезінде адам құқықтарының сақталуына талдау жасады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы заңнама бойынша іздеуде жүрген шетелдіктер Қазақстанда анықталған жағдайда оларды сот төрелігінен жасырынған елге беру туралы мәселе шешілгенге бір жылға дейінгі мерзімге қамаққа алынады.

Қылмыстық-процестік заңнамада шетелдіктерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, кепілгерлік, кепіл, үй қамақ және т.б. сияқты басқа да бұлтартпау шаралары көзделмеген.

Бұл ретте, шетелдіктер әртүрлі қылмыстары үшін, оның ішінде жазасы бас бостандығынан айыру жылы, яғни ең жоғары мерзімі біздегі экстрадициялық күзетпен ұстау мерзімінен көп аспайтын қылмыстары бойынша іздестірілуі мүмкін.

Беру процесінің өзі де өте жауапты және уақытты қажет етеді, өйткені іздестірілудегі адамның Қазақстанда да жазалануы тиіс қылмысы үшін іздестірілетініне көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ шетелдік билік өкілдерінен берілген адамның азаптаулар қаупіне ұшырамайтындығына, өзінің саяси сенімдері бойынша қудаланбайтындығына және т.б. кепілдіктер талап етіледі.

Аталған мақсатта уәкілетті орган өзінің шетелдік әріптестерімен байланысқа шығады, алынған материалдарды сұратады, зерделейді және оларды мұқият қарағаннан кейін ғана экстрадициялау туралы мәселесі шешіледі.

Осы уақыт ішінде шетелдік азамат экстрадициялық қамаққа алу кезінде шешімді күтетін болады, ол  түрлі негіздер бойынша сұрау салушы тараптың пайдасына шешілмеуі де мүмкін.

Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам құқықтары саласындағы халықаралық қағидаттарға, БҰҰ құқық қорғау институттарының ұсынымдарына, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибеге талдау жасады.

Нәтижелері бойынша Бас прокуратураға іздестіріліп жатқан шетелдіктерге әрбір нақты жағдайға байланысты қамаққа алудың баламалы бұлтартпау шаралары қолданылуы үшін ҚПК-ге түзетулер енгізу туралы ұсыныс хат жолданды.

Бас прокуратура бұл ұсынысты қолдады және түзетулер заң жобалау жұмыстарының қорытындылары бойынша бірлесіп енгізілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға