Жаңалықтар

Із-түзсіз жоғалған атыраулық екі жігіт іздестірілуде

Із-түзсіз жоғалған атыраулық екі жігіт іздестірілуде
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 29.05.2024 14:50 342

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі жігіт табылмай жатыр. Оның бірі балық аулауға, екіншісі мал жаюға кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жоғалғандардың біреуі Жылыой ауданының, екіншісі Махамбет ауданының тұрғыны екені анықталып отыр. 

Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылының 1991 жылғы туған тұрғыны кешкі сағат 19:30 шамасында Жем өзеніне балық аулауға шыққан. Ол жеке қайығымен кеткен. Ал, Махамбет ауданының Ақжайық ауылында тұратын 26 жастағы жігіт «Манаш» шаруа қожалығының шаруашылығы орналасқан бағытқа қарай мал айдап шыққан. Жігіттердің екеуі де үйіне кері оралмаған, - деп жазылған хабарламада.

Із-түзсіз жоғалған жігіттерден әлі күнге хабар-ошар болмай тұр. Жоғалған екі жігітті іздестіру жұмысы жалғасып жатыр. 

Атырау облысында су тасқыны әлі толастаған жоқ. Осы кезде тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау, алыс жолға жалғыз шықпауды ескертеміз, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға