Жаңалықтар

IV Азия пара ойындары: Елордалық спортшыларға қаржы сертификаттары табысталды

IV Азия пара ойындары: Елордалық спортшыларға қаржы сертификаттары табысталды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 16.11.2023 04:17 466

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен IV Азия пара ойындарында ел намысын асқақтатқан елордалық спорт саңлақтарын қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуге Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Астана қаласы әкімдігінің «БЖСМ, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің» басшысы Азамат Тағаев, пара дзюдо федерациясының вице-президенті Медет Байкен, пара дзюдодан IV Азия Пара ойындарынының жеңімпазы Ақмарал Науатбек пен Шамей Ерғали, IV Азия пара ойындарының пара дзюдодан күміс жүлдегері Асылан Нұрдәулетов мпен пара жүзуден IV Азия пара ойындарының қола медаль иегері Сиязбек Далиев, спортшылардың жеке жаттықтырушылары Дәурен Оразов, Айдын Анапин, Редько Станислав қатысты.

Қазақстан спортшылары сарықұрлықтың басты бәсекесінде 41 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. Ел құрамасы жалпы командалық есепте 11 орынға тұрақтады. Бұл қатарда, біздің елордалық спортшылар да бар. Облыс арасында медаль саны бойынша көш басына астаналық пара спортшылар жайғасты. Астана қаласы – 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальге ие болды. Азия Пара ойындарындағы бүгінгі жеңістер – болашақ Паралимпиадаға маңызды қадам болып есептеледі. Алда талай биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспін! Сенім үдесінен шыға білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатарынан таймаңыздар! – деп Астана Есет Байкен жылы лебізі мен тілектерін білдіріп, спортшыларға қаржы сертификаттары табыстады.

Кездесу барысында пара дзюдо командасының капитаны Ерғали Шамей IV Азия Пара ойындарында киген жеке кимоносын Есет Берікұлына арнайы табыстады.

Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Есет Берікұлы бұл кимононың орны ерекше екенін айта келе алдағы уақытта Астана қаласы әкімдігінің төрінде тұратынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға