Жаңалықтар

Италиядан келген ғалым Көкшетау университетінде дәріс курсын аяқтады

Италиядан келген ғалым Көкшетау университетінде дәріс курсын аяқтады
Фото: gov.kz 14.11.2023 23:29 446

Ол бір ай бойы дәріс оқыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «2023 жылы шетелдік ғалымдарды жұмылдыру туралы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шақырылған Ferrara (Италия) университетінің ғалымы, профессор Марко Грегги (Магсо Greggi) дәріс оқыды.

Салық құқығы саласындағы маман ретінде ол заң факультетінің студенттеріне салық жүйесі және салық салу тәртібі туралы дәрістер топтамасын оқыды, құқықтану кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті, мастер-класттарды, оқыту семинарларын, Ақмола облыстық сотымен және адвокаттар алқасымен кездесу өткізді. Бұл шетелдік ғалыммен тәжірибе алмасуға және құқықтану саласына қатысты тәжірибе жинақтауға үлкен мүмкіндік болды.

Қорытынды конференцияда құқықтану факультетінің оқытушылары мен студенттері профессор Марко Греггиге ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен жемісті ынтымақтастық үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға