Жаңалықтар

Италиядағы су тасқынының "қызыл деңгейі" жарияланды

Италиядағы су тасқынының "қызыл деңгейі" жарияланды
Фото: Getty Images 21.05.2023 12:20 860

Италияның Эмилия-Романья аймағында су тасқынына байланысты дабылдың қызыл деңгейі жарияланды, ол жексенбі күні де жалғасады, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Апта асында Италияның солтүстік-шығысындағы су тасқыны 14 адамның өмірін алып кеткен болатын. Кең аумақтар әлі де су астында, ал көшкіндер, әсіресе Апеннин тау бөктеріндегі аудандарда үлкен проблема тудырып отыр. 

Эмилия-Романья губернаторының орынбасары және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы Ирен Приоло аймақтағы 100-ге жуық муниципалитет су тасқынынан зардап шеккенін, бұл 2012 жылы аймақта болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерден үш есе көп екенін мәлімдеді. 

Су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар саны 36 мыңнан асқан. Олардың көпшілігі - 27 775 адам Равенна провинциясындағы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, мұнда жағдай тым ауыр, өйткені кейбір аудандарда ауыз су мен азық-түлік жетіспейді.

Шетелдік ғалымдардың пайымдауынша, ауа райының ыстық толқыны, қатты дауыл, су тасқыны және құрғақшылық сияқты экстремалды құбылыстар адам баласының парниктік газдар шығарындыларынан туындаған климаттың өзгеруіне байланысты жиі және қарқынды болып келеді.

Апат салдарынан Италия премьерінің Қазақстанға сапары кейінге шегерілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға