Жаңалықтар

Италияда қазақстандық компаниялар ашылмақ

Италияда қазақстандық компаниялар ашылмақ
Фото: t.me/KZgovernment 06.09.2023 09:00 760

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметінше, Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі үш сауда серіктесінің бірі және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұр.

Атап айтқанда, былтыр екіжақты тауар айналымы 55%-ға жуық артып, шамамен $15 млрд-қажетті.

Италия Еуропалық одақ елдері қатарынан Қазақстан экономикасының тұрақты ірі инвесторлар бестігіне кіреді.

Соңғы 17 жылда жалпы тартылған инвестициялар көлемі $7,3 млрд-қа жетті.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2,5 есе өсіп, $300 млн-ға жуықтады.

Дегенмен тауар айналымын одан әрі арттыруға әлеуетіміз жеткілікті. Біз Италияға жалпы құны $900 млн-нан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Антонио Таяни Италия Қазақстанмен жан-жақты, әсіресе сауда, энергетика және өнеркәсіп бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Біз Италияда бірлескен кәсіпорындарды, жаңа қазақстандық компанияларды ашуға дайынбыз. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Іскерлік кеңес құруға ниеттіміз, — деді ол.

Сонымен қатар ол Алматыда жаңа итальяндық мәдениет институтын ашудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі ел арасында студенттер алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға