Жаңалықтар

Италияда нөсер жауыннан 13 адам қаза тапты

Италияда нөсер жауыннан 13 адам қаза тапты
Фото: BBC.com 20.05.2023 04:16 781

Италияда алапат су тасқыны салдарынан 13 адам қаза тауып, 13 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ВВС агенттігінің мәліметінше, елде бір жарым күн ішінде алты айлық нормадағы жаңбыр жауып, соңы су тасқынына ұласқан.

Толассыз жауған жаңбырдан Риминидің солтүстік-шығыс жағалауы мен Болонья қаласының арасындағы өзендердің барлығы арнасынан тасыды.

Қала орамдары мен ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді, 400 жолды су басты.

Түнде 280-ге жуық көшкін жүріп, тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға