Жаңалықтар

ІТ нарықта кәсіби мамандарға сұраныс өте жоғары болады

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты
ІТ нарықта кәсіби мамандарға сұраныс өте жоғары болады
Фото: Ақорда 28.09.2022 12:21 798

ІТ-нарықта кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

 «Адам – біздің басты байлығымыз екені сөзсіз. Екі жыл бұрын әлемдік ІТ нарыққа 30 миллион маман керек еді. Бүгінде бұл қажеттілік 100 миллионға жетті. Ал 2025 жылға қарай 200 миллионға дейін артады. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш өсе береді. Сондықтан аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары болады. Біз бұл сын-қатерді жақсы түсінеміз. Сондықтан 2025 жылға қарай кем дегенде 100 мың жоғары білікті ІТ маман даярлау міндетін қойдық», - деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға