Жаңалықтар

Ішкі органдары ортақ сиам егіздеріне операция жасалды

16.05.2025 09:09 593
Ішкі органдары ортақ сиам егіздеріне операция жасалды

Бразилияда бір жасар сиам егіздерін бір-бірінен ажыратуға арналған бірегей операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Daily Mail басылымының жазуынша, 2023 жылдың қарашасында дүниеге келген Кираз бен Аруна есімді қыздар кеуде, іш және жамбас тұстарынан бірігіп туған. Олардың бір ортақ аяғы және бірнеше өмірге қажетті ортақ мүшелері болған. Бұл ота өте күрделі саналды, себебі мұндай бірігу түрі – трипус ишиопагус – өте сирек кездесетін жағдай, шамамен екі миллион сәбидің біреуінде ғана болады.

Дәрігерлер операцияға бірнеше ай бұрын дайындықты бастап, қосылған аймаққа арнайы тері кеңейткіштер орнатқан. Бұл кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына қажетті тері көлемін қамтамасыз ету үшін жасалған.

Хирургиялық араласу 10 мамыр күні өтті және шамамен 15 сағатқа созылған. Оған 60-қа жуық маман, оның ішінде кезектесіп жұмыс істеген 16 хирург қатысты. Дәрігерлер асқынулардың алдын алу үшін барынша жылдам әрі дәл жұмыс істеуге тырысқан.

Қазір Кираз бен Аруна жансақтау бөлімінде. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тұрақты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kiraz e Aruna (@kirazaruna)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға