Жаңалықтар

Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты

Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты
Фото: © Polisia.kz 15.11.2023 18:51 783

Талдықорғанда болған соңғы резонанстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов ІІМ орталық аппараты қызмет басшыларынан құралған арнайы топпен Жетісу облысына барды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Ведомство басшысы өзінің сапары аясында өңір полициясының жеке құрамымен және ІІО ардагерлерімен кездесу өткізді. Отырысқа облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын  қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, - деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Айта кетейік, Талдықорған полиция департаментінің бастығы ұсталғанытуралы жазған едік. Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстановтың айтуынша, «Қыз зорлау» бабы бойынша Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы ұсталған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға