Жаңалықтар

Ішімдік ішіп, жанжал шығарған ер адамның анасы полицияға жүгінді

Ішімдік ішіп, жанжал шығарған ер адамның анасы полицияға жүгінді
Фото: © Pixabay.com 15.04.2024 09:26 254

Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы павлодарлық мас күйде анасына боқауыз сөздер айтқан. Ұлының одан арғы әрекетінен қорыққан әйел кісі полиция шақырған. 

Шақыруды пысықтау кезінде ер адам алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда ер адам ескерту түрінде жазаға тартылды, сондай-ақ тәртібіне ерекше талап қойылды. Сот шешіміне сәйкес ер адамға алты ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға