Жаңалықтар

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы концертте қайтыс болды

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы концертте қайтыс болды
Фото: instagram.com/irinakairatovna 14.10.2023 22:13 4954

Қайғылы оқиға Астанадағы концертте болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы артистердің өздері жанкүйерлеріне сахнада тұрып айтты. Топ мүшелерінің видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр. Белгілі болғандай, мобилограф концерт алдында құлап кетіп, содан көз жұмған. Топ концертті кейінге қалдырды.

Бұл туралы айту бізге өте қиын. Біздің мобилографтың сахнадан құлап кеткенін көрген боларсыздар, ол қайтыс болды. Өкінішке қарай, біз бүгін алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз. Келгендеріңізге, бізге қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет. Біз сіздерді жақсы көреміз, - деді ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға