Ирандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ден асып кетті
04.01.2024 09:21
1472

Фото: © AFP
Төрт жыл бұрын өлтірілген генерал Касем Сүлейманиді аза тұту рәсімі кезінде жасалған лаңкестік шабуылдан қайтыс болғандардың саны жүзден асып кетті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Кем дегенде 143 адам жараланып отыр. Он минут аралығында екі жарылыс болды, оның біріншісі Сүлеймани қабірінен 700 метр жерде, екіншісі одан бір шақырым жерде болды. Билік бұл оқиғаны теракт деп атады.
Кейбір адамдар алғашқы жарылыстан кейінгі кептелу кезінде зардап шекті. Шенеуніктердің хабарлауынша, жараланғандардың барлығы ауруханаларға жеткізілді, жағдай бақылауда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды
Келесі жаңалық
Мәйіт туралы 10 сұрақ: патологоанат жауап береді