Жаңалықтар

Иранда да қазақтың үйлену дәстүрі сақталған.

Қорыта айтқанда, қазақтар арасында үйлену заңы бойынша өз ағайын-туыстарымен үйленуге тыйым салынған (Endogamy).
16.10.2014 07:17 3757

Қорыта айтқанда, қазақтар арасында үйлену заңы бойынша өз ағайын-туыстарымен үйленуге тыйым салынған (Endogamy). Сондықтан ешқашан ағайындардың ұл-қыздары бір-бірімен үйленуі түгіл мүлдем жыныстық қарым-қатынаста да болмайды. Ағайынды ұл-қыз бір-бірін бейне бір əке-шешенің перзенттеріндей көреді. Яғни қазақтар өзге ру-тайпалардың ұл-қыздарымен үйленуге құқығы бар (Exogamy).

Кесте бойынша, осы уақытқа дейін рулар арасында туыстық қатынас сақталып келді.

«Қазақтар отбасыларында əке басшы болып, ұл- қыздардың үйлену тəртібі, əкенің тегіне қарап іске асатынды. Мəселен, ұл баланың əкесі Жеменей болып, анасы Тобыш болса, ол Тобыш (сүттес бауыр болмаған жағдайда) қызына үйленуге болады. Осындай үйлену ережелеріне орай қазақтар арасында генетикалық ауру кезікпейді. Қазақтардың аталас рулар өзара əрі өзге ұлт өкілдерімен үйленуге тыйым салып, отбасылық мүшелерінің денсаулығымен ұрпақ жалғастығын мықтап қамтамасыз еткендерін айта аламыз».

Бауырлас болу – қазақтар арасында көнеден келе жатқан «ағайынды, ағайын» деген сөз бар. Сол үрдіс бойынша екі қазақ «қандас бауыр» болады. Онда саусақтарының ұшынан қан ағызып сүтпен араластырып, оны ішеді. Сөйтіп «бауыр» болғаны үшін ант беріледі. Осы ескі салт бойынша туған ағайындары жасалатын «қандас бауырлар» рəсіміне қатыспай қойса оларды ағайын қатарына қоспай қояды. Бұл дəстүр қазақ жырларында да көрініс тапқан.

Құрдас – екі сəби бір жыл, бір ай, бір күн ішінде бір ауылда туылса, оларды «құрдас» деп атайды. Содан кейін олар өмір бойы бір-бірімен тату, сырлас дос болады. Екі сəбидің құрдас болуына оның жынысы есепке алынбайды. Екі қыз болса – құрбы, екі ұл болса – құрдас, ал, бір ұл мен бір қыз болса екеуі құрдас болып есептеледі. Кейде құрдас болған ұл-қыздар бір-бірімен шəриəт бойынша үйлене береді.

Отбасы – қазақ отбасылары үлкен шаңырақ болып есептеледі. Өйткені онда əке, шеше, балалар мен келіндер, немерелер көп бөлмелі бір үйде тұрады. Əке сол шаңырақтың басшысы ретінде құрметке ие болады. Үйдің ұлдары үйленгенге дейін əкесінің үйінде қала береді. Кейін орта немесе жоғары оқу орнын бітіріп, яки жұмысқа орналасып, өз тіршілігін жүргізе алатындай жағдайға келгенде ата-анасының рұқсаты əрі батасын алып бөлек шаңырақ құруына болады. Ұл балалардың үйленуі əкенің табысына байланы- сты болады. Əке баласын үйлендіруге қаржысы жеткілікті болған жағдайда отағасының əйелі ағайындарымен ақылдасып, шешім қабылдайды. Баласымен ақылдасу шарт емес. Мəселен, бұрындары Иран қазақтарының арасынан ең əуелі ұл балалар оқып, жоғары оқу орынынан білім алғанымен əкелерінің шешімі бойынша мүлдем оқымаған қыздармен де үйленуге міндетті болды. Бұл үрдіс 1980 жылдарға дейін қатаң сақталып келді де, кейінгі жылдары ұл-қыздардың таңдау мүмкіндігі туды.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға