Жаңалықтар

Иран қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізді

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті
Иран қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізді
Фото: gazeta.ru 07.11.2022 20:56 879

Қазақстандықтар 11 қарашадан бастап Иранға іскерлік және туристік мақсатта визасыз бара алады, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран Ислам Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 11 қарашадан бастап екі ел арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді, бұл біздің азаматтарымызға Иранның аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас ереже Қазақстанға сапармен келген Иран, Қытай және Үндістан азаматтарына да қолданылады. 

«Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 7 шілдедегі №464 қаулысымен қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру, іскерлік байланыстарды жандандыру және еліміздің туристік әлеуетін одан әрі жүзеге асыру мақсатында Иран, Қытай мен Үндістанның азаматтары үшін визасыз кіру тәртібі енгізілді. Осы шешім аталған шет елдердің азаматтарына Қазақстан аумағында күнтізбелік 14 күнге дейін, 180 күнтізбелік күнді қамтитын әрбір кезең ішінде жалпы алғанда 42 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді», ] - деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелге шығатын қазақстандықтарға қағаз күйіндегі құжаттарды өзімен үнемі бірге алып жүруге кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға