Жаңалықтар

Иракта үйлену тойында отшашудан кемі 100 адам қаза тапты

Иракта үйлену тойында отшашудан кемі 100 адам қаза тапты
Фото: korrespondent.net 27.09.2023 17:07 1115

Ирактың Ниневия провинциясындағы Әл-Хамдания елді мекенінде үйлену тойында отшашудан өрт шығып, кемі 100 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Тағы 150-ден аса адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Ирактағы Қызыл Ай қауымдастығы қаза тапқандар мен жараланған адамның жалпы саны 450-ден асқанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында шаңырақ көтергісі келген жас жұбайлар да бар.

Eadaily.com-ның хабарлауынша, тойға жиналған жұрт салтанат сарайында мерекелік отшашу ұйымдастырып, оның соңы өртке ұласқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға