Жаңалықтар

Интерпол іздестіріп жатқан қылмыскерлер Қазақстанда ұсталды

Интерпол іздестіріп жатқан қылмыскерлер Қазақстанда ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 09.04.2024 16:48 354

Қазақстан полициясы Интерполмен іздеуде жүрген екі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп Алматы қаласының халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын ұстады. Ұсталғандардың бірі Қытайдың құқық қорғау органдарымен іздестірілген.

Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған. Қылмыскер Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Катар арқылы кірмек болған. Ал екінші ер адамды Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуге жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады, - делінген мәліметте.

Қазіргі таңда қылмыскерлер қамауға алынды, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға