Жаңалықтар

Интернеттегі алаяқтарды табу енді жеңілдей түседі

Интернеттегі алаяқтарды табу енді жеңілдей түседі
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 13:04 531

Интернеттегі алаяқтықты тергеу жұмысы жеңілдейді.Бұл туралы Мәжіліске келген Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпараттық жүйе немесе интернет желісі арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жағдайларда жәбірленушінің орналасқан жері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу мүмкіндігі енгізілмек.

Интернеттегі алаяқтықты тергеу кезінде, қылмыстық құқық бұзушылық ашылмаған кезде, күдікті, куәгерлер анықталмаған, жәбірленуші ғана бар. Жәбірленушінің өтініш беру орны көбінесе жәбірленушінің тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмейді. Көрсетілген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнын айқындаудың неғұрлым ұтымды тәсілі жәбірленушінің орналасқан жері болады. Қашықтықтан беттестіруді енгізу керек, - дейді вице-министр.

Бүгінгі таңда тергеуші басқа аймақтардан да бетпе-бет ставка жасау үшін адамдардың келуін қамтамасыз етеді, бұл сотқа дейінгі тергеу барысын баяулатады, сондай-ақ процетік шығындарға әкеп соғады.

Енді жәбірленушімен және куәмен бірге қорғауға құқығы бар куә мен күдіктіге қатысты бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, аталған тергеу әрекеттерін жүргізуге болады, - дейді Алма Мұқанова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға