Жаңалықтар

Интернет-казино мен заңсыз букмекерлердің қызметі туралы 100-ден астам өтініш түсті

Интернет-казино мен заңсыз букмекерлердің қызметі туралы 100-ден астам өтініш түсті
Фото: © Pixabay.com 31.01.2024 09:26 462

Туризм және спорт министрлігі жұртшылықтың белсенді қатысуымен интернет-кеңістікте заңсыз ойын бизнесіне мен оның жарнамасына қарсы күресті жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін хабарланғандай, Министрлік 2023 жылдың қараша айынан бастап «Telegram» (https://t.me/stop_online_casino_bot) және «WhatsApp»               (+7 707 9071507) мессенджерлерінде чат-боттарды іске қосты, олар арқылы азаматтар күдікті сайттарға, онлайн-казино, заңсыз букмекерлік кеңселер, заңсыз лотерея ұйымдары және өзге де заңсыз қызметтің белгілері бар әлеуметтік желілер парақшаларының сілтемелері мен интернет-кеңістікте өткізілетін заңсыз ұтыс ойындарының түрлері және олардың жарнамалары, сондай-ақ арнайы ойын аймақтарынан тыс және тиісті лицензиясыз «жерде» заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру туралы ақпаратты жедел түрде жеткізе алады.

Мәселен, «Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес Қазақстандағы казино мен букмекерлік кеңселерге Министрліктің лицензиясы негізінде Алматы және Ақмола облысында орналасқан екі ойын аймағының аумағында ғана қызмет ету рұқсат етілген.Осы талаптар сақталмаған кезде заң бұзушыларға қатысты  7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, қылмыстық табыстың жиырма еселенген сомасына дейінгі мөлшерде айыппұл және мүлікті тәркілеу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бүгінгі күні Министрліктің чат-ботына 100-ден астам өтініш келіп түсті. Бұдан басқа, Министрлік заңсыз желілік ресурстардың ұйымдастырушылары мен бенефициарлары болып табылатын ҚР азаматтарына қатысты құқықтық бағалау, зерделеу және тексеру жүргізу үшін тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына ұсынады.

Сонымен қатар Министрлік құқық қорғау органдарымен және ақпарат саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, үнемі «Кибернадзор» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып интернет желісінде заңға қайшы контентті таратуға қарсы күрес жүргізеді.

2023 жылы «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне интернет-казино қызметінің белгілері бар 8284 материал енгізілді, оның ішінде мазмұнды зерделеу қорытындысы бойынша 4459 сайт бұғатталды.

Министрлік заңсыз ойын бизнесін барлық таралу бағыттары мен арналары бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді. Елімізде лудоманияны алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шеңберінде қазақстандықтардың қырағылық пен ынтымақтастық танытуы табысты жұмыстың маңызды элементі және кепілі болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға