Жаңалықтар

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар
Фото: instagram.com 17.10.2023 10:00 2609

Бүгінде әлеуметтік желіні қолданбайтын адам кемде-кем. Қазір кімнің қайда, не істеп жүргенін ғаламтор арқылы бақылауға болады. Әсіресе желі қолданушыларының арасында үнемі халықтың назарында жүретін танымал тұлғалардың өмірі көпке қызық. Осы ретте El.kz ақпараттық агенттігі Instagram әлеуметтік желісіндегі ең танымал әрі белсенді жұлдыздардың қатарын анықтады.

10. Алтынай Жорабаева

Алтынай – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, еліміздегі танымал әншілердің бірі. Алғаш рет халыққа «Арманыма ғашықпын» деген альбомын ұсынған. Бүгінде оның Instagram желісіндегі оқырманының саны 3,3 миллионға жеткен. Осылайша әнші тізімнің оныншы орнына жайғасты.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

9. Төреғали Төрәлі

Ол – «Ұлы дала баласы» лақап атымен танымал атышулы әнші. Өнер жолын ақындармен айтысып бастап, кейін әншілікке келген. Елдің жүрегінен орын тапқан хит әндері де көп. Төреғалидің әлеуметтік желіде 3,8 миллион оқырманы бар. Әнші не істесе де үнемі халықтың назарынан еш тыс қалмайды.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

8. Айдана Меденова

Сұлулығы мен таланты қатар бойынан табылатын ерекше дарын иесі. Көпшілікке «КешYou» тобының мүшесі ретінде танылған. Тіпті біраз уақытқа дейін хит әндерін де жазып үлгерді. Алайда Айдана бүгінде өнер жолынан бастартып, дінге біржолата бет бұрған. Оның Instagram-дағы оқырмандарының саны 3,8 миллионға жетті.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

7. Димаш Құдайберген

Димаш – дауысымен елді елең еткізген, Қазақстанды бүкіл әлемге танытып жүрген әнші. Ол бала кезінен бастап түрлі байқауда ән шырқап, жүлделі орындарды иеленген. Әншінің Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауы арқылы ел алдындағы танымалдылығын арттыра түсті. Қытайдың « I am a Singer 2017» жобасына қатысып, көпшіліктің сүйіктісіне айналды. Әнші жігіт 4 миллион оқырманымен тізімнің жетінші орнына ілікті.  

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

6. Қарақат Әбілдина

Қарақат – қазақтың дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерінің орындаушысы. 2005 жылы алғаш рет «Ару ғұмыр» атты жеке шығармашылық концертін берген. Екінші жартысы Қыдырәлі Болманов екеуінің әнін халық сүйіп тыңдайды. Қарақаттың қазіргі таңда Instagram желісінде 4,1 миллион оқырманы бар.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

5. Мәдина Сәдуақасова

Әнші қыз кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Оның жұлдызы «Жас қанат» байқауында жанды десе де болады. Мәдинаның бүгінге дейін жеткен жетістіктері көп. Ол жаңашылдықтан қорықпай, үнемі өзін жаңа қырынан танытып тұруға тырысады. Өнер иесінің парақшасын 4,3 миллионнан астам оқырман қарайды.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

4. Аша Матай

Ақбота Асқарбекова – белгілі әнші, актриса әрі тележүргізуші. «Алтын Самұрық» жобасында  үздік эстрада жұлдыздарының ондығына кіріп, «Жылдың үздік VJ-і» аталымы бойынша жүлде иеленген. «Астана – ғашықтар мекені», «Біржан сал» сынды отандық бірнеше көркем фильмге түскен. Ашаның желідегі оқырман саны 4,5 миллионды құрайды.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

3. Баян Мақсатқызы

Ол – Қазақстандық белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса. Алғаш рет «Махаббат бекеті» фильмінде басты кейіпкерді сомдап, көпшілікке танылған. 2006 жылдан бері отандық музыкалық топтар мен жеке орындаушылардың продюсері болып қызмет етіп келеді. Осылайша Баян 4,5 миллион оқырманымен тізімнің үздік үштігіне кіреді.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

2. Қайрат Нұртас

Қайрат – еліміздегі ең танымал әрі халықтың сүйікті әншілерінің бірі. Ол 2006 жылы «Арман» әнін жазса, 2007 жылы «Жаралдың кім үшін», «Аллаға шүкір», «Көз жасың көмектеспейді» сияқты әнімен танылады. Бүгінгі күнде де ол халық тамсана тыңдайтын талай хит әндердің авторы. Өнер иесінің әлеуметтік желіде 6,7 миллион оқырманы бар.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

1. Ерке Есмахан

Халықтың ерке әншісі, актриса Ерке тізімнің алғашқы орнына келіп жайғасты. Ол бастапқыда «Іңкәр» тобының мүшесі ретінде таныла бастады. Еркенің алғаш бейнебаян түсірген әні «Айша бибі» болған. Алайда оған «Қайда?» әні ерекше сәттілік алып келді. Әншінің Instagram желісіндегі парақшасын 8,2 миллион оқырман қарайды.

Instagram желісіндегі ең танымал жұлдыздар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға