Instagram-да жаппай тазалау басталды: кім қанша оқырман жоғалтты?

 Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz

2026 жылдың мамыр айында Instagram платформасында бұрын-соңды болмаған ауқымды тазалау жүргізілді. Әлеуметтік желі әкімшілігі боттар мен белсенді емес аккаунттарды жаппай өшіруді бастап, бірнеше күннің ішінде әлемдік жұлдыздар мен блогерлер миллиондаған жазылушысынан айырылды.

Instagram-дағы миллиондаған оқырман қайда жоғалды?

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл құбылысты "2026 жылдың ұлы тазалауы" деп атап үлгерді. Тазалау 6-7 мамыр күндері ерекше қарқын алып, көптеген танымал аккаунттардың статистикасы күрт төмендеді. Миллиондаған аудиториясы бар әлемдік жұлдыздардың өзі бірнеше сағат ішінде қомақты оқырман жоғалтқан.

Ең үлкен өзгерістердің бірі америкалық тележұлдыз, кәсіпкер және модель Kylie Jenner-дің парақшасында байқалды. Ол шамамен 14-15 миллион жазылушысынан айырылған.

Ал әлемге әйгілі португалиялық футболшы, тарихтағы ең үздік шабуылшылардың бірі Криштиану Роналду аккаунтындағы көрсеткіш 8-18 миллион аралығында төмендегені айтылып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Сондай-ақ әлемге әйгілі 4 қатысушыдан (Джису, Дженни, Розэ, Лиса) тұратын оңтүстік кореялық K-pop жанрындағы ең танымал BLACKPINK тобының ресми парақшасы 10 миллионнан астам оқырман жоғалтқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BLΛƆKPIИK (@blackpinkofficial)

Әлемге әйгілі американдық әнші, актриса, продюсер және кәсіпкер Селена Гомес шамамен 6 миллион жазылушысынан айырылды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Selena Gomez (@selenagomez)

Атақты аргентиналық футболшы Лионель Месси 4-5 миллион оқырманын жоғалтқан. Тіпті Instagram-ның ресми аккаунтының өзінен 9 миллионнан астам аккаунт өшірілгені байқалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Inter Miami CF Academy (@intermiamicf_academy)

Сарапшылардың айтуынша, орта есеппен блогерлер мен инфлюенсерлер аудиториясының 2-5 пайызын жоғалтты. Кейбір парақшаларда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болған.

Мұндай ауқымды тазалау кездейсоқ емес. Meta Platforms компаниясы соңғы жылдары әлеуметтік желілердегі жалған белсенділікпен күресті күшейтіп келеді. Компания өкілдерінің мәліметінше, басты мақсат – платформаның шынайылығын арттыру, боттар мен әрекетсіз аккаунттарды жою және контент авторларының нақты аудиториясын анықтау.

Соңғы жылдары Instagram-да жасанды аудитория жинау үлкен индустрияға айналған еді. Көптеген блогерлер мен коммерциялық аккаунттар оқырман санын көбейту үшін бот қызметтерін пайдаланғаны туралы жиі айтылып келді. Алайда жаңа алгоритмдер мұндай аккаунттарды автоматты түрде анықтап, жүйеден шығара бастаған.

Бұл өзгерістер жарнама нарығына да тікелей әсер етуі мүмкін. Себебі брендтер енді блогердің тек жазылушы санына емес, нақты белсенді аудиториясына көбірек назар аудара бастайды. Сарапшылар пікірінше, "бот дәуірінің" аяқталуы инфлюенсер үшін маркетинг саласындағы ашықтықты күшейтеді.

Қазақстандағы блогерлер мен медиа өкілдері де бұл процестен тыс қалған жоқ. Бұған дейін отандық тәуелсіз БАҚ аккаунттарына жаппай страйк қойылып, кейбір парақшалар бұғатталған еді. 

Сонымен қатар 2026 жылдың басында ҚР Қаржы министрлігі 20 мыңнан астам оқырманы бар 745 қазақстандық блогердің табысын тексерген еді. Ресми мәлімет бойынша, олардың 18 миллиард теңгеден астам кірісі заңдастырылған.

Мамандардың пікірінше, қазіргі өзгерістер әлеуметтік желідегі ықпалдың енді тек санмен емес, шынайы аудитория мен сенім арқылы өлшенетінін көрсетеді. Instagram-дағы соңғы тазалау инфлюенсерлер үшін жаңа кезеңнің басталғанын аңғартты.

Оқи отырыңыз