Индонезияда жер сілкінді

 aa.com.tr
Фото: aa.com.tr

Индонезияда магнитудасы 5,6 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Магнитудасы 5,6 балды көрсеткен зілзала Индонезия жағалауында тіркелген.

АҚШ-тың геологиялық қызметі осылай деп мәлімдеді.

Жер сілкінісінің ошағы Матарам қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 202 шақырымда орналасқан. Ошақ тереңдігі 509 шақырымды құрайды.

Цунами қатері төнгендігі туралы ескерту жасалмады.

Оқи отырыңыз