Жаңалықтар

Илья Ильин жаңа туған қызын перзентханадан шығарып алды

Илья Ильин жаңа туған қызын перзентханадан шығарып алды
Фото: Видеодан алынған кадр 24.02.2024 17:09 764

Қазақстандық танымал ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, «Бүлдіршініміз үйде» деп жазды.

Отбасымызға жаңа адамның қосылғанына қуаныштымыз. Сонымен қатар сіздер секілді достарымыздың барына да қуаныштымыз. Бәріне бақыт тілейміз! Ізгі тілектеріңіз үшін рахмет! Оның бәрі өздеріңізге мың есе болып қайтсын! Құрметпен, Ильиндер отбасы, - деп жазды зілтемірші.

Айтулы іс-шараға спортшының туыстары ғана емес, достары, бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев те келген.

Құттықтауға оқырмандар да қосылып, жаңа туған сәби мен оның анасына мықты денсаулық тілеген.

Бұған дейін Илья жұбайы Татьяна екеуі қызды болғанын сүйіншілей хабарлаған еді.

Достар, Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтасаңыздар болады. Қазақстан мен әлемнің кішкентай азаматының есімі – Ильина Аили Ильинична! Біз жоспарлы түрде кесарь тілігін жасаттық, қазір бәрі жақсы. Бойы: 50 см, салмағы: 3 кг 178 г, - деп жазды Ильин.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға