Жаңалықтар

Ілияс Түстікбаев: Жаңа Қазақстанды құратын - білімді жастар

Ілияс Түстікбаев: Жаңа Қазақстанды құратын -  білімді жастар
17.05.2022 12:28 2063

Бүгін елімізде «Жаңа Қазақстан: Жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық онлайн форум өтіп жатыр.

– Бұл форум «Жаңа Қазақстан: Жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» деп аталады. Негізгі мақсат – жаңа жаңғырулар кезеңінде Жаңа Қазақстанның негізін, ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру кезінде жастардың пікір алмасуы, ойларын ортаға салуы аса маңызды. Оның үстінде 16 наурызда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірнеше жақсы ойларды идея мұраты ретінде табыстаған еді. Атап айтсақ, «Жаңа Қазақстан» мағынасы неде дегенде, бірінші кезекте бұл өте күрделі кезеңде еліміздің қауіпсіздігі. Бұған барлығымыз да жауаптымыз. Мұны тек құқық қорғау органдары немесе күш органдары ғана жасайды деп ойлап қалмаңыздар. Мұны біреуіміз біліммен, біреуіміз ғылыммен, елдің қауіпсіздігі үшін қызмет етеміз, - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы.

Сондай-ақ Дихан Қамзабекұлы түрлі әлеуметтік жобаларды қолдау қажет екенін айтты.

– Қазіргі таңда «Жаңа Қазақстан» деп жатқан бос сөз, жай лозунгтар емес, бұл бізге, жастарға жалпы қоғамға өзгеретін заман. Жаңа Қазақстанды бірлесіп әрі бірігіп құратын уақыт. Әр бастамаға өз үлесімізді қосып, жастар алдынғы қатарда болып, сол жұмыстарды бірге іске асыру кезеңі туып отыр. Жаңа Қазақстанды құратын - білімді жастар. Жаңа Қазақстанды құруда бірге атсалысамыз деген үміттемін, - деді «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық студенттер қозғалысының президенті Ілияс Түстікбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға