Жаңалықтар

Ілияс Оспанов кәсіпорындарды несиелендіруде қандай проблемалар бар екенін айтты

Ілияс Оспанов кәсіпорындарды несиелендіруде қандай проблемалар бар екенін айтты
Фото: primeminister.kz 11.05.2023 16:53 1090

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов машина жасау саласында отандық өндірушілердің бастапқы материалдармен қамтамасыз етілмеуі, негізгі құралдардың тозуы, салық жүйесінің жетілмегендігі, кәсіпорындарды несиелендіру және кепіл базасының болмауы, білікті кадрлардың тапшылығы сияқты проблемалар бар екенін айтты.

Машина жасау саласын кешенді талдау аясында біз саланың дамуын тежейтін жүйелі факторларды анықтадық: отандық өндірушілердің бастапқы материалдармен қамтамасыз етілмеуі; негізгі құралдардың тозуы; салық жүйесінің жетілмегендігі; кәсіпорындарды несиелендіру және кепіл базасының болмауы; білікті кадрлардың тапшылығы проблемалары бар екенін анықтадық. Жалпы, міндеттерді іске асыру саланы шикізатпен және бастапқы материалдармен, басым және қолжетімді қаржыландырумен, білікті кадрлармен, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз етуге, кооперацияны дамытуға, техникалық реттеуді жетілдіруге бағытталған, - деді вице-министар.

Сондай-ақ ол үкімет әрқашан машина жасау саласына назар аударатынын алға тартты. Бұған дейін Машина жасауды дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданып, одан әрі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына енгенін атап өтті.

Сонымен қатар оның сөзіне қарағанда, саланы дамытудың белгіленген стратегиясын одан әрі ұстану мақсатында 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы бекітілген.

Мысалы, өнеркәсіптік саясат туралы заң әзірленіп, қабылданды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құрылды. Сонымен қатар машина жасау саласы мемлекет тарапынан қаржыландырылмағандығымен белгіленеді. Саланы одан әрі дамыту мақсатында қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша машина жасауды дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленуде. Осы жұмыс шеңберінде саланың да, оның секторларының да проблемалық мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау үшін бизнес-қоғам өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізілді, - деді ол.

Вице-министр кешенді жоспар жобасына енгізу үшін машина жасау кәсіпорындарынан ұсыныстар жинақталып жатқанын айтты.

Бұл ұсыныстар салалық қауымдастықтармен және машина жасау кәсіпорындарының өкілдерімен егжей-тегжейлі талқыланды. Тұтастай алғанда, бұл құжат жай ғана кешенді жоспар емес, саланы дамыту үшін базалық жағдайларды жақсарту, ішкі нарықта отандық өнімді ілгерілету, машина жасау өнімдерінің экспортын ынталандыру және дамыту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған машина жасауды дамытудың «стратегиясы», - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға