Жаңалықтар

Ілияс Азизов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде топ жарды

Ілияс Азизов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде топ жарды
Фото: Olympic.kz 07.04.2024 16:27 420

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы кезекті турнир өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық  Ілияс Азизов көзге түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Еркін жаттығуда Азизов 14.200 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде алтын медальді Украина, қоланы Болгагия атлеті иеленген. 

Ал гимнатикалық ат снаряданда Ілияс 14.600 ұпаймен көш бастап, алтын медаль жеңіп алды. 

Айта кетелік, бұл Ілияс Азизовтың халықаралық турнирлердегі көптен күткен жеңісі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға