Іле Алатауы паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
29.11.2024 09:40
1074
Іле-Алатау паркінің қызметкерлері жануарлар жиі жүретін жерлерге камераларды орнатып, жануарлардың өмірінен сирек сәттерді жиі түсіріп алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бұл жолы фототұзаққа Сібір тауешкісі мен жабайы қабан түскен.
Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген