Жаңалықтар

Илья Ильиннің допинг дауынан кейінгі өмірі

"Өмірдің бұл есігін жауып, жаңа өмірге қадам басу керек!"
Илья Ильиннің допинг дауынан кейінгі өмірі
10.04.2017 12:23 33445

«Менің сүйікті ісімді, жұмысымды бәрін бірден тартып алды. Спорттық мансабым, қаншалық қайғылы болса да, осымен тәмәм. Өмірдің бұл беттерін жауып, жаңа өмірге қадам басу керек. Ал жаңа есікті ашу үшін білім қажет болады».

Илья Ильин допинг дауына ілінгелі бұқараның алдына мүлде шықпай кетті. Ол қазір қайда жүр? Немен айналысып жатыр? Осы секілді сауалдар көптің көкейінде жүргені анық.

Өзі айтқандай, ары қарай жаңа өмірге қадам басу үшін білім керек. Бизнестің қыр-сырына қанығу мақсатында өткен жылдың күзінде Алматы менеджмент университетіне оқуға түсті.

Илья Ильин әлі де көп уақытын спорт залында өткізеді. «Мен жаттығуымды жалғастыруды доғармаймын. Өз тәжірибемді жас спортшылармен бөліскім келеді» – дейді ол.

Іntеrprеss тобымен бірге ағылшын тілін үйреніп жүр.

Анасының жолымен жүріп, Астана қаласында сән салонын ашу жоспарында бар.

«Бүгін балалар үйінің тәрбиеленушісі Влдаимир Мигуновқа БҒМ қаржылық орталығымен бірлесе отырып білім депозитін аштым. Біз бір-бірімізге әрдайым көмектесіп, қолдау білдіруіміз керек деп есептеймін. Бұл өскелең ұрпақ үшін үлкен тағылым. Барлығыңызды осындай іс бастауға шақырамын!»

Илья әлі де саяхаттап жүр. «Бүгін күн шуақты болды. Отырып, өткен өмірім мен келешегім жайлы көп ойландым. Белгісіздік деген тамаша жолмен әрі қарай жүруді жалғастыра беру керек».

Ильяның жұмыс орны.

 «Жұмыстан кейінгі тамаша көңіл-күй. Жан дүниең үшін жақсы бір іс жасағанда, жұмысқа қуанышпен келгенде, ештеңеге қарамай, бұл істің сенің күшіңді арттыра түсетінін сезінгенде адамның жоғалып кетпегенін білесің. Сүйікті ісің барда, барлығы керемет!».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға