Жаңалықтар

IKOMEK109 орталығы жыл басынан бері 1,5 миллионнан астам өтініш қабылдады

IKOMEK109 орталығы жыл басынан бері 1,5 миллионнан астам өтініш қабылдады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.09.2023 11:51 1024

Елімізде жыл басынан бері IKOMEK109 орталығына 1,5 миллионнан астам өтініш келіп түскен. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «IKOMEK109» «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК басшысы Асқар Тақсымов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Келіп түскен өтініштің 99 пайызы шешілді. Бізге егер адамның денсаулығына зиян келетіндей критикалық мәселемен хабарласса, оны 1-2 минуттың ішінде шұғыл шешеміз. Түскен қоңырауларға 16 секунд ішінде, әлеуметтік желі арқылы келген хабарламаларға 10 минутта жауап береміз, - деді ол.

Асқар Тақсымов жылдың басынан бері IKOMEK109 құрамына екі жобааралық департамент кіргенін айтты. Олар: «iQala» қызметі мен жобалық басқару департаменті.

Басшының айтуынша, мемлекет басшысының, мемлекет органдарының бюрократияны жою және жобалық басқару құралдарын пайдалану жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында IKOMEK109 орталығында Астана қаласы әкімдігінің жоба кеңсесі жұмыс істеп келеді.

Бүгінде қалалық IKOMEK109 қызметінде 189 бюджеттік бағдарлама цифрландырылды. Біз сол бағдарламаларды цифрландыру мақсатында жобаны тиімді пайдалану деңгейінде көмек береміз, - деді Тақсымов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға