Жаңалықтар

ІІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 қатысушысын ұстады

Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр
ІІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 қатысушысын ұстады
Фото: Polisia.kz 07.09.2022 09:35 709

ІІМ қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтардың 11 қатысушысын ұстады, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті жедел әрекет барысында Бас прокуратураның көмегімен бір-бірімен күреске түскен екі трансұлттық қылмыстық топтың жолын кесті. 

Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұрылардың ұстанымдарын енгізуге әрекеттенген. Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысының аумағында ІІМ-нің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің қатысуымен жүргізілген арнайы операция кезінде жедел қызметкерлер қылмыстық топтардың 11 қатысушысын, соның ішінде қылмыстық текетірестерге тартылған «киллерді» ұстады. 

Олардың жүрген жерлері мен тұрғылықты мекенжайларына 25 тінту іс-шарасы жүргізіліп, атыс қаруының арсеналы, шетел валютасындағы үлкен көлемдегі ақша, сондай-ақ аса ірі мөлшердегі есірткі құралдары тәркіленді. 

Ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа да қылмыскерлерді ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға