Жаңалықтар

ІІМ Қостанай академиясының жаңа басшысы таныстырылды

ІІМ Қостанай академиясының жаңа басшысы таныстырылды
Фото: polisia.kz 29.03.2024 02:19 333

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының басшы құрамына оқу орнының жаңа бастығын таныстырды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлы ішкі істер органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған. ІІО жүйесінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2018 жылы ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы болып тағайындалды, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Б.Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы қызметін атқарды. Тағайындау ротация тәртібімен жүзеге асырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға