Жаңалықтар

ІІМ өкілі сотталушылардың изоляторда ұялы телефон пайдалануына қатысты пікір білдірді

ІІМ өкілі сотталушылардың изоляторда ұялы телефон пайдалануына қатысты пікір білдірді
Фото: ©Pixabay.com 18.04.2024 12:00 453

Сенат кулуарында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев қылмыстық-атқару жүйесінде тексеру жұмыстарының қалай жүргізілетінін, сондай-ақ сотталушылардың изоляторда ұялы телефон пайдалануына қатысты тексерулер қаншалықты жиі өтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандар, тергеу аясында қамауға алынғандар отыратын мекемелерде ауқымды бейнефиксация енгізілуде.

Бұдан бөлек бізде байланысқа шығуға кедергі келтіретін арнайы құрылғы бар. Тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі. Алдын ала ескертілмейді. Егер де сотталғандар немесе тергеу аясындағы адамдардың тыйым салынған байланыс құралдарын пайдаланды деген күдік анықталса, онда тінту жүргізіп, телефондарды алып қоямыз. Өкінішке қарай, мұндай деректер болып тұрады, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев еліміздегі су тасқыны жағдайында қанша адамның мерт болғаны жайлы айтқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға