Жаңалықтар

ІІМ еуропалық әріптестерімен кездесті. Визалық режимді оңайлату мүмкіндіктері талқыланды

ІІМ еуропалық әріптестерімен кездесті. Визалық режимді оңайлату мүмкіндіктері талқыланды
Фото: © Polisia.kz 09.10.2023 09:12 403

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов бастаған делегация жұмыс сапарымен Бельгияға, Данияға және Германия Федеративтік Республикасына барды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Брюссельде қазақстандық тарап Бельгияның ішкі істер министрі Аннелис Верлинденмен және Еуропалық көші-қон және ішкі істер комиссиясы бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнермен кездесулер өткізді. Сонымен қатар Данияның иммиграция және интеграция министрі Кааре Дибвад Бекпен және Германияның Федералды ішкі істер және Отан министрлігінің мемлекеттік хатшысы Махмут Өздемирмен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында көші-қон саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді оңайлату мүмкіндіктері талқыланды, ұйымдасқан қылмысқа, оның ішінде адам саудасы мен есірткінің заңсыз айналымына, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары қаралды.

Тараптар қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттырып отыру үшін тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келісімге келді. Кездесулер достық атмосферада және толық өзара түсіністік жағдайында өтті, сындарлы диалог құрылды. Айта кетейік, қазақстандық полиция терең трансформация процесінде және бұл үшін ІІМ құқық қорғау органдары адамға бағдарланған басқа елдердің озық тәжірибесін зерттеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға