Жаңалықтар

ІІМ: Былтыр 15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталды

ІІМ: Былтыр 15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталды
Фото: ОКҚ 13.02.2024 12:00 370

Елімізде өткен жылы полицияда тұрмыстық жанжалдар туралы 100 мыңнан астам хабарлама тіркелген. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зулхаиров мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ренат Зулхаировтың сөзінше, 15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін полиция қызметкерлері анықтаған. Барлық тіркелген факті бойынша кінәлілер заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.

Әрбір отбасылық дебошир заңмен зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 тәуліктен бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылғанын білуі керек. Былтыр 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деді Ренат Вазирович.

Оның айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен адамдарға 130 мыңнан астам профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Өткен жылдың тамыз айынан бастап біз 18,5 мыңнан астам отбасына сауалнама жүргіздік. 884 отбасында қайта құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары. Құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін психокоррекциялық курстардан өз еркімен өту ұсынылады. Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторлары 87 мың қорғаныс ұйғарымын шығарды, - деді ол.

Ренат Зулхаировтың сөзінше, соттардың шешімі бойынша қорғаныс нұсқамасын бұзғаны үшін 2 770 агрессор, мінез-құлыққа қойылатын ерекше талаптарды орындамағаны үшін 6 мыңға жуық құқық бұзушы қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға