Әзербайжанның Гянджа қаласында нысана көздеуден III ТМД елдері ойындарының алғашқы жүлделері өз иесін тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда Дмитрий Ким ешкімге дес бермеді. Ол финалда 249.4 ұпай жинады. Тағы бір отандасымыз Никита Шахторин финалда 5-орын алды.
Әйелдер арасында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Александра Ле күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз ақтық сында 253 балл жинады. Ал Елизавета Безрукова 4-сатыға жайғасты.
Қазір Қазақстан құрамасының III ТМД елдері ойындарындағы алтын саны төртеуге жетті.
III ТМД елдері ойындары: Дмитрий Ким алтын, Александра Ле күміс медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер