Жаңалықтар

ИИДМ көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізді

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді
ИИДМ көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу енгізді
Фото: almaty.tv 19.09.2022 14:51 1081

Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отыр.

Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға