Жаңалықтар

Хромтау-Қарабұтақ арасындағы автожол жөнделіп жатыр

Хромтау-Қарабұтақ арасындағы автожол жөнделіп жатыр
Фото: Бейнежазбадан скриншот 24.05.2024 04:19 383

“Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ” жолының учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы осы учаскенің 773-912 шақырымында жол қабатын тегістеу бойынша жұмыстарын атқаруда.

Халықтың назарында жүрген жол туралы жүргізушілер өз ойын білдіріп, осындай бейне түсіріпті. Шұңқырлы жөндеулер жүріп жатыр. Келесі жылы бұл учаскеде қайта жаңару жұмыстары басталып, І техникалық санатқа ауыстырылып, төрт жолақты жаңа жол салынатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға