Жаңалықтар

ХҚО қандастарға қызмет көрсететін бөлімдер ашылып жатыр

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бұл туралы Facebook желісінде жазды
ХҚО қандастарға қызмет көрсететін бөлімдер ашылып жатыр
Фото: almaty.tv 22.10.2022 10:34 1581

Қазақстанның бірнеше қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандастарға қызмет көрсететін бөлімдер ашылып жатыр, деп хабарлайды EL.kz.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне барды.

«Бүгін Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, отанымызға оралған қандастарымыз үшін жасалған қызмет көрсету бөлмесінің қалай жұмыс істейтінін көрдім. Қандастарымыз үшін мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде ЖСН мен тұруға ықтиярхат алу алуға, «қандас» мәртебесін беруге, жеке куәлік және тағы басқа қызметтерді жылдам алуға арналған арнайы жеке терезелер іске қосылғанын атап өтемін. Бұл терезелер барлық қызметтерді қас-қағым сәтте, жедел алуға мүмкіндік береді», - деп жазды министр Facebook желісінде.

Министрдің айтуынша, әзірге бұл қызмет Астана, Алматы, Орал, Ақтөбе қалаларында қолжетімді.

«Бірақ жақын арада еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыруды жоспарлап отырмыз», - дейді Б. Мусин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға