Жаңалықтар

ХҚКО қызметкерлері енді қоғамдық орындарда қызмет көрсететін болады

ХҚКО қызметкерлері енді қоғамдық орындарда қызмет көрсететін болады
Фото: "Азаматтарған арналған үкімет" мемлекеттік корпорация 05.03.2024 20:07 370

Қазақстанның 20 облысында 29 connection point (қосылу нүктесі) ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметіне сүйенсек, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және тағы да басқа танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін сауда орталықтары мен базарлардың мекенжайларының тізбесі:

Қала

Атауы

Мекенжайы

 Астана

 «Әлем» СО

 Бөгенбай батыр даңғ., 62

 Астана

 «Central Market» СО

 Алаш тасжолы, 15

 Алматы

 Home Credit Bank

 Төле би көш., 181

 Алматы

 «Asia Park» ССО

 Райымбек даңғ., 514А

 Шымкент

 «Tolebi» СО

 Асар 2 ы/а, 12Б

 Шымкент

 «Бекжан-комфорт» ССК

 Жиделібайсын көш., 92

 Ақтау

 «Мағаш» СҮ

 31 ш/а, 1

 Өскемен

 АДК СО          

 Қазақстан көш, 62

 Семей

 «Апрель» СО

 Қабылбаев көш., 3

 Қонаев

 «Qonaev city» СО

 Алматинская көш., 64/1

 Ақтөбе

 «Nurdaulet» CО

 Әбілқайыр хан даңғ., 46

 Ақтөбе

 «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 

 Сәңкібай батыр даңғ., 22К

 Орал

 «Dom Byta» ССО

 Құрманғазы көш., 173/1

 Орал

 «Московский» СҮ 

 Исаев көш., 2/9

 Қызылорда

 «Aray city mall» ССО

 Назарбаев даңғ., 13А

 Атырау

 «Baizaar» ССО

 Құлманов көш., 111А

 Атырау

 «Дина» СО

 Сұлтан Бейбарыс даңғ., 45

 Тараз

 «MART» ССО

 Төле би даңғ., 27

 Тараз

 «Ауыл береке» базары

 Мәмбет батыр көш., 2/17Б

 Тараз

 «GRAND BAZAR» СО

 Сыпатай батыр көш., 2

 Жезқазған

 «Samadi» супермаркеті

 Абай көш., 93

 Сәтпаев

 «Акцент» супермаркеті

 Сәтпаев даңғ., 108А

 Түркістан

 Автобекет

 Сауран ауданы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, Қазыбек би көш., 9/9 

 Көкшетау

 «РИО» ССО

 Осипенко көш., 1

 Павлодар

 «Batyr mall» ССО

 Қамзина көш., 67/1

 Қарағанды

 «Алтын Арба» ССО

 Затаевич көш., 10

 Талдықорған

 «City Plus» ССО

 Қаратал ы/а, 20Б

 Петропавловск 

 «City Mall» ССО

 Ш.Уәлиханов көш., 56

 Қостанай

 «Саяхат» СО

 Қарбышев көш., 131

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға